Былтыр балқаштық ауған соғысының ардагерлері 32 қылмысты ашуға көмектесті. Интернациалист жауынгерлер ноутбук пен ұялы телефонды қолды қылған ұрыларды, автомобиль ұрлаған әккілерді ұстап берген. Тағы 107 әкімшілік құқық бұзуышылықты тіркеген. Оған қоса мигранттар ереже бұзып, жазасын өтеп келген бұрынғы сотталушылар қайта шалыс баспас үшін 900 ден аса адамды қатаң бақылауларына алған. Ал биыл қоғамдық тәртіпті бұзған 17 балқаштықты анықтапты. Айта кетейік 2014 жылы Ауған соғысының 11 ардагеріне «полицейлердің қоғамдық көмекшісі» деген арнайы куәлік берілген болатын.
Енді көмекке мұқтаж жандарды немесе керсінше қайырымдылық жасағысы келетін атымтай жомарттарды бір сайттан табуға болады. Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Менің атамекенім» деп аталатын жаңа жобаны іске қосылды. Онда қиын жағдайға тап болған тұрғындар көмек сұрап өтініш қалдыра алады. Ал қол ұшын созамын деушілерде бірден байланысқа шығуға мүмкіндік бар.
«SILK GENERAL GROUP» деп аталатын балқаштық компания құрғақ құрылыс қоспасын өндіріске шығарды. Қаламыздағы бірінші әрі жалғыз фирма енді «Қамал» деп аталатын маркамен гипс және цемент қоспаларын саудаға қоймақ. Тауар бағасы да нарықтан арзан, сапасы жоғары.
14 ақпан халықаралық кітап сыйлау күні. Осы мейрамға орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана оқырмандарға ұнаған кітабын сыйға тартады. Бұл акция бүгін басталды. Кітапхана дәлізіне 70 ке жуық түрлі жанрдағы кітап қойылған. Арасынан кез-келгенін алып кетіп, үйіңізде оқысаңыз болады. Қайтармайсыз, себебі бұл сыйлық. Немесе керсінше өзіңіз кітап әкеліп, сый ретінде осында қалдыруға рұқсат. Бұл акция 20 ақпанға дейін жалғасады. Бәрімізге белгілі 20 ғасырдың ортасында кітап сыйлау сәнге айналған еді.
Балқаштық солақай микроминиатюраның жаңа қырын меңгеруде. Николай Савидов ине көзіне тек микроскоп арқылы ғана көрінетін абстракты фигураларды орналастырды. Шебер ондаған туынды жасаған.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login