Балқаштық оқушылар Республикалық пән олимпиадасында жүлделі болды

Балқаштық оқушылар Қарағанды қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделерге ие болды.

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жанғалиұлы Жандос география пәнінен жүлделі ІІІ орынды, 11-сынып оқушысы Карибек Назира орыс тілі пәнінен ІІ орынды жеңіп алды. Жетекшілері: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Агибаева Т.Б., география пәні мұғалімі Қапенова А.А.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login