Саршұнақ аяз. Балқашта термометр -30 градусты көрсетуде. Осыған байланысты оқушылар сабақтан босатылды. Алайда, елдің бәрі бірдей бұл күндері ешқайда шықпай үйде отыра алмайды. Біреулерге жұмысқа бару керек, ал, біреулерге тығыз шаруаларымен далаға шығуға тура келеді.
Аязды күндері далаға шығар алдында тойып тұрып тамақтанып алу керек. Тамақпен бірге 15-20 грамм май жеу де пайдалы. Сондай-ақ ащы тағамдардың көмегімен де жылынуға болады. Себебі ащы зат қан айналымын жақсартады. Және ешқандай ішімдікке жол жоқ. Себебі градусы бар заттар адам температурасын төмендетіп, сезімталдықты жоғалтады. Сондықтанда оның орнына ыстық шай ішкен жөн.
Суық күндері тоңып қалмас үшін бір жемпірдің орнына екі жұқалау жемпір киген дұрыс. Себебі бірнеше киім қабаты жылылықты ұстап тұрады. Ал, аяқ киімге келсек. Онда оның ыңғайлы әрі кең тұратын түрін таңдаған жөн. Аяққа жабысып тұратын биік өкше етіктер аяқтың қан айналымына кедергі келтіреді. Сондықтанда аяқ тез тоңады. Сондай-ақ аяқ тоңбас үшін қыша қағаз салып қоюға болады.
Аязда ең дұрысықолғап кию. Өйткені олар көпке дейін жылы температураны ұстап тұрады. Жалпы дала аяз болғанда адамның қолы мен аяғындағы тамырлары тарылады. Сондықтанда адам тоңа бастайды. Ал, үскен жерді қармен сүртуге болмайды. Не болмаса керсінше бірден ыстық суға салмау керек. Оның орнына жылы су пайдаланған жөн.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login