Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл. Осыған орай №8 мектеп мұражайында балқаштық ауған соғысы ардагерлеріне арналған бұрыш ашылды. Ондағы құнды деректерді оқушылар өздері жинаған. Музейге Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің бас киімі, әскери билеті, ұрыс алаңында түсірілген суреттері қойылған. Тарихтан сыр шертетін бұл жәдігерлердің барлығын оқушылар өздері жинапты. Соғыста болып қайтқан балқаштықтардың үйіне арнайы барған. Бұрыштың ашылу салтанатына Балқашта қалған, көзі тірі Ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Балалардың еңбегіне тәнті болған батырлар мұражай альбомына жылы лебіздерін жазып, қолтаңбаларын қалдырды.
Әрі қарай Ауған соғысының ардагерлері ұлан сыныбының оқушыларымен кездесті. Аға буын, жас ұрпақпен әңгіме өрбітіп, оқушыларды қызықтырған сауалдарға жауап берді.Соңында батырларымыздың құрметіне концерт ұйымдастырылды. Жалпы, Балқаштан Ауғанстанға 120 жауынгер шақырылған. Оның ішінде екеуі әйел адам. Қазіргі таңда қаламызда 57 интернационалист жауынгер бар.
Айгүл Токейбекова — №8 орта мектеп директоры
«Бүгінгі шара барысында біз ауған соғысы ардагерлеріне құрмет сезімімізді білдіріп, біздің ұландарымыздың ағаларының ерліктерінің үлгісінде қандай тәрбие алып жатқанын, патриоттық рухтарын көтеріп жатқанын шара барысында тағы бір дәлелдейміз деген ойдамыз
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login