Балқаш жаңалықтары 31.01.2019

  1. Өрт сөндірушілерге жалған хабарлама жеткізген балқаштыққа 70 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Ер адам құтқарушыларға үй өртеніп жатыр деп, өтірік мәлімет айтқан. 26 жастағы жігіт таңғы 8-дер шамасында 101 нөміріне қоңырау шалып, Бижанұлы тұйық көшесінде үй өртеніп жатқанын жеткізіген. Алайда, бірден оқиға орнына аттанған өрт сөндірушілер қызыл жалынның ізінде таппай қайтады. Белгілі болғандай, ол сол күні туыстарымен келіспей қалған.Содан кек алмақ болған екен. Оның үстіне ер адам сол күні мас болған.
  2. Балқаштық еріктілер екі қала тұрғынына қоларба сыйлады. Мұндай игі іс республикалық «қайырымдылық керуені» акциясы аясында жасалды. Сыйды Үміт үзбе бірлестігінің өкілі мен қалалық маслихат депутаты Лидия Власова тарту етті.  Ал 17 жастағы Елдана Жекебай бала күнінен бері аяғынан жүре алмайды. Үйге арналған қоларбасы бар. Бірақ онымен далаға шыға алмайды. Енді міне еріктілердің арқасында қала ішінде жүруге болатын жаңа құрылғыға қол жеткізді.
  3. Өткен жылы жұмыссыз жүрген 2900 ден астам балқаштық екі қолға бір күрек тапты. Оның ішінде 2080-і тұрақты қызметпен қамтылды. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше тағы  641 тұрғын уақытша еңбекке тартылған. Яғни, 51 балқаштық әлеуметтік жұмысқа жұмылдырылса, колледж және университет тәмамдаған  65 жас түлек  алған мамандығы бойынша тәжірибе жинау үшін  жастар практикасына жіберілді. Тағы 500-ден аса тұрғынға қоғамдық жұмыс ұсынылды.
  4. Балқашта қалалық дебат турнирі өтті. Өз ойлары мен тұжырымдарын дәлелдеу үшін оқушылар мен студенттер келіссөз алаңына жиналды. Ал жеңімпаздар тек команда арасында ғана емес жеке ойыншылар арасында ада анықталды.
  5. Балқашта 5 ақпаннан бастап мәдениет сарайында тондардың көрме-сатылымы өтеді. «Эталон меха»  компаниясы жоғары сапалы қаракүзен, мутон тондарынан бастап паркалардың түр-түрін әкеліп сатпақ. Ең басты жаңалық кез-келген сырт киімге 100 мың теңге жеңілдік қарастырылған. Бұл «Эталон меха»  сауда тобының Балқашқа алғашқы сапары емес. Сондықтан қалалықтар Ресейдің аталмыш компаниясының тауар сапасымен жақсы таныс. Айта кетейік, көрме-сатылым мәдениет сарайында 5 ақпаннан  10 на дейін жалғасады.
  6. «Ветерок» би ансамблі көпжанрлы республикалық байқаудан жеңіспен оралды. Қарағандыда өткен жарыста жерлестеріміз үш түрлі би көрсетіп, барлығынан бірінші орына ие болды. Шахтерлер қаласының бас сахнасында «Ветерок» ансамблінің 28 баласы өнер көрсетті. Бишілер алдымен «қазақша» және «татарша» би билеген. Әділ қазылар алқасы жерлестеріміздің өнерін жоғары бағалап, екі нөмірге де бас жүлде берді. Ал, кішкентай топтың өнерпаздары болса,«Поросята» биімен бірінші орынды жеңіп алды.
  7. Балқаштық мектеп оқушылары арасында допты хоккейдентурнир басталды. Жылдағы дәстүр бойынша 12 білім ордасы мектеп корттарындағы мұз айдынында мықтыларды анықтауда. Балалардың беталысы қандай, алғашқы ойын қалай өтті оны бейнематериалдан көре аласыздар
  8. 6 ақпан күні қала әкімі Александр Аглиулин халық алдында есеп береді. Осыған орай оркен-медиа телеарнасының инстаграм парақшасында әкімге сұрақ қой айдары ашылған болатын. Онда бірнеше күн ішінде 600 ден аса пікір қалдырылды. Түрлі сұрақтар келіп түсті. Соның біразына шаһар басшысы жауап берді. Қала әкімінің сұхбатын сенбі және жексенбі күнері сағат 19:20 да арнамыздан көре аласыздар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login