Балқаш жаңалықтары 17.01.2019

  1. Жұмысшылар кентінде жер үйден өрт шықты. Жатын бөлмедегі матрас отқа оранып, көк түтін түгел баспанаға жайылған. Төтенше жағдай кеше кешкі 9-дар шамасында болды. Тілсіз жауды көрген үй иесі бірден құтқарушыларға хабар берген. Үй иесі бұл жағдайға басқаларды кінәләп отыр. Оның болжамы бойынша белгісіз біреулер үйді әдейі өртеген. Дегенмен, өрт сөндірушілер қасақана жасалған өрттің ешқандай белгілерін таппағанын айтады.
  2. Қалалық жастар орталығы жұмыссыз жүрген жастарды анықтап, оларға екі қолға бір күрек табуға көмектеспек. Сол мақсатпен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге үй-үйді аралауда. Сол себепті егер үйге учаскелік полицеймен бірге еріктілер келсе, таң қалмаңыздар. Мамандар бар болғаны 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындардың аты-жөнін, оқу немесе жұмыс орнын жазып алады. Пәтер аралап жүрген еріктілерде аты-жөні жазылып, мөр қойылған бейдж болуы тиіс.
  3. Балқашта аязға байланысты тоқтатылған ауыл-шаурашылық жәрмеңкесі қайта жанданады. 19 қаңтар күні Балқашта 2019 жылдың алғашқы ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Онда ауылдағы ағайын ет-сүт өнімдерін әкеліп сатады. Осы жолы жылқы еті 1500, қой 1300, ал сиыр еті 1400 теңгеден сатылмақ. Ал көтерме саудамен айналысатын қала саудагерлері көкеніс пен жеміс-жидек өнімін сөреге қомақ. Картоп бағасы 75 теңге болса, жуа 70 теңгеден, ал жұмыртқаның 10 данасы 280 теңгеден саудалайды. Жәрмеңке әдеттегідей Язев көшесінде таңғы 8:00 де басталады.
  4. Қазір балық аулаудың қарқыны қызып тұрған кез. Балқаштық балықшылар да күннің суығына қарамастан таң атысымен көлге келіп, қармақ салады. Биыл мұз 50 сантиметрге дейін қатқан. Бұл дегеніңіз айдынға көлікпен шығуға болмаса да, әуесқой балықшылар үшін қауіп жоқ деген сөз.  Бірақ, ескеретін керек қағидалар бар. Толығырақ видеоматериалда.
  1. Балқашта үздік әншілер мен жүргізушілерге конкурс жарияланды. Ақпан айында қалалық «Жас қанат» байқауы өтеді. Қазіргі таңда қатысам деушілерден өтініш қабылдау басталды.  14 ақпанға дейін жалғасады. Енді конкурстың шарттарына тоқталсақ. Бұл байқау 16 мен 29 жас аралығындағы жастар арасында өтеді. Қатысушылардан өтініш қабылдау 14 ақпанға дейін созылады. Қалалық «Жас қанат»  конкурсы 22 ақпан күні сағат 15:00  де мәдениет сарайында өтеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login