Балқаштық атлетші қыз облыс чемпионатынан жүлдемен оралды

Балқаштық атлетші қыз облыс чемпионатына барып, қанжығасына екі күміс жүлде байлап қайтты. БЖСМ  тәлімгері Милана Сотникова ұзын қашықтыққа жүгірген. 1500 метрді 5мин 48 секундтта бағындырса,  3000 метрді 11 мин 49 секундтта жүгіріп өткен. Екі сайыста да мәреге екінші болып жеткен. Миланадан өзге жеңіл атлектикадан өткен облыс чемпионатына Балқаштан 4 бала барған. Бәрі де БЖСМ тәлімгерлері. Оның ішінде 60 метрге жүгірген Евгений Грабовский және  үш қарғып секіру сайысына қатысқан Карина Максумова көзге түскен. Екі спортшыда төртінші орыннан көрініп, былтырғы нәтижелерін жақсартқан.

Милана Сотникова-Жеңіл атлектикадан облыс чемпионатының күміс жүлдегері:

«Мен алыс қашықтыққа бірінші рет жүгірдім. Былтыр 1000 және 2000 метрді таңдаған болатынмын. Осы жылы өз нәтижемді жақсарту үшін басқа қашықтықты таңдадым. Бірақ әлі көп шынығу керек, шыдамдылықты арттыру қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login