Балқашта жаз мезгілі көлге шомылып ылғи да қызықты өтеді. Ал, қыста балқаштықтар қайда бара алады? Биыл қала тұрғындары үшін 8 мектеп кортында мұз айдыны пайда болды. Оған кез-келгеніңіз барып коньки тебе аласыздар. Бұдан өзге тағы қандай қыстық көңіл көтеру орындары бар келесі сюжетте
№ 15 мектеп лицейінің 10-сынып оқушылары дене шынықтыру мұғалімімен брге мектеп артындағы мұз айдынын қардан тазалауда. Кейін шұрықтары көбейгенде арнайы су құйып, бетін тегістейді. Есесіне айдын өздерінікі. Сабақтан бос уақыттарында коньки теуіп, хоккей ойнауға мүмкіндіктері бар.
Нұрғабыл Жасымхан — №15 мектеп лицейінің дене шынықтыру мұғалімі
«Кортты қар жауғанда күреп тазалап отырамыз. Мектеп оқушылары үшін барлық халық үшін. Басқа мектеп оқушылары да келіп тебе алады».
Дәл осындай мұз айдыны қаламыздағы тағы 6 мектеп ауласында бар. Тегін коньки тебем деушілер № 1,5, 25 мектеп пен №2 лицей және 7 мектеп гимназиясының кортына бара алады. Сондай ақ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде де келушілерге есік ашық. Конькиіңіз болса болғаны таңнан кешке дейін сырғанай аласыз.
Диас Жанатұлы — № 15 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы
«Мен өзім бұрыннан бастап 6 сыныптан бері коньки тебуді жақсы көремін. Достарымызбен бос уақытымызда осы жерде хоккей ойнаймыз. Бос уақытты текке жібермейміз».
Мұз айдынынан бөлек сырғанақ тебуге болады. Кәсіпкерлер одағы 15 мектеп-лицейінің алдындағы сырғанақ жасауда. Әзірге 40 тонна қармен дөңді көтеріп, баспалдағын салып қойды. Енді жауапты мамандар ертең 6 тоннадай су құйып қатырамыз деп отыр. Айтуларынша, сырғанақ демалыс күндері дайын болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login