Енді балқаштық жұмыскерлер туралы барлық мәлімет электронды жүйеге ауысады. 2019 жылдан бастап жұмыс берушілер қоластындағы қызметкерлермен электронды келісімшарт жасауы тиіс.Ол үшін жұмыс беруші мекеме «enbek.kz порталына кіріп, электронды еңбек биржасына тіркелу керек. Әрі қарай жеке кабинетке кіріп, еңбек келісім шарты дегенді таңдайды. Содан қызметкердің жеке сәйкестендіру нөміріненен бастап қай жылы жұмысқа тұрғаны, қанша жыл қызмет еткені электронды еңбек кітапшасына жазылады. Кейін басқа жерге жұмысқа ауысып жатса, өзге мекеме басшылары жұмысшы туралы мәліметті электронды жүйеден қарайды. Жаңашылдық толықтай бір жүйеге келген соң, еңбек кітапшасының да керегі болмайды.
Сымбат Бакирова – жұмыспен қамту орталығының маманы
«Жұмыс берушілерді енбек.кз порталы арқылы электронды еңбек келісімшартына өтуге шақырамыз. Барлық сұрақтарды жұмыспен қамту орталығынан біле аласыздар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login