Қаламыздағы төтенше жағдай басқармасы өтіп бара жатқан жылға қорытынды жасады. 2018 жылы 103 және 112 нөміріне өрт оқиғасы бойынша 400 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде ресми түрде тіркелгені 76. Есеп бойынша биыл 57 тұрғын үйді, 12 автокөлік пен 7 бизнес орталығын қызыл жалын шарпыған. Мамандар қоқыс жау фактісі бойынша 140 рет шақырту алған. Мұнымен қоса құтқарушылар 100-ге жуық апатты-құтқару жұмыстарын жүргізген. Бірақ, бір қуантарлығы, алдыңғы жылмен салыстырар болсақ, өртену және жану фактілері 90-ға дейін азайған. Сонымен қатар, өрт кезінде болатын кісі өлімі де көп емес. Осы жылы 1 адам өртке оранса, былтыр тілсіз жау 5 адамның өмірін жалмаған.
Қысқы уақытта әсіресе сарышұнақ аяз кезінде көліктердің қызбай, иелерін әлекке салатыны белгілі. Егер күнде таңертең темір тұлпарыңыздың асты-үстіне түсіп, жұмысқа әрең жетіп жүрсеңіз біздің тілшілер әзірлеген кеңестерге құлақ түріңіздер.
Жаңа жылдың басталуына санаулы күндер қалды. 31 желтоқсан күні жайылатын дастарханға көп мән беретініміз рас. Әдетте нәзік жандылар Жаңа жыл молшылығымен келcін деп сол күні түрлі тағамдар жасап, дастарханда бос орын қалдырмауға тырысады. Оған біршама қаржы да кетеді. Ал бағалар былтырға қарағанда өзгерген.
Ит жылының шығуына да аз қалды. Санаулы күндерден кейін доңыз жылы есігін айқара ашпақ. Шығыс күнтізбесіне сенсек бұл жануар молшылық пен жомарттықтың символы. Астролог мамандар болса доңыз жылы кәсіп бастағандар мол табысқа кенеліп, отбасы құрғандар іргесі берік шаңыраққа айналады деп сендіруде.
Балқаштық кикбоксшылар республикалық турнирдан 4 медаль олжалап қайтты. 14 облыстың басын қосқан жарыс Астанада өтті. Оған 100 ден аса спортшы жиналған. Балқаштан ДСК 6 кикбоксшысы барды. Оның төртеуі жүлдемен оралды. Бір алтын, 1 күміс, 2 қола. Күміс жүлде 60 келіде шаршы алаңға шыққан Нұрәділ Алпыспаевқа бұйырған. Қол жүлденің иегерлері-Нұрхан Байжұмұратов және Аян Боранбайұлы Ал алтын -Айбат Нұрланұлына тиесілі.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login