Балқаш қаласының 2019 жылға арналған бюджеті 9 млрд 730 млн болып бекітілді. Бүгін қалалық әкімдікте кезекті 25 ші қалалық маслихат отырысы өтті. Депутаттар 2019-2021 жылдарға негізделген қалалық бюджет жобасын бірауыздан мақұлдап, бекітіп берді.
Қалалық маслихат депутаттарының осы жылдағы соңғы отырысы экономика және қаржы бөлімі басшысының есебін тыңдаумен басталды. Санға жүйрік маман биыл қалалық қазынаға қанша қаражат керектігін тиынына дейін есептеп әкелген.
Зәуреш Шлықова-Қалалық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:
«Шығындардың басым бөлігін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы құрайды. Президент жолдауына байланысы 2019 жылы еңбекақы өседі. Бюджетті жоспарлау кезінде одан өзге оқулықтар сатып алу, білім, спорт, мәдениет нысандарын жөндеу секілді басқа да шығындар есептелді.
Сонымен 2019 жылдың бюджеті 9 млрд 730 млн теңгені құрап отыр. Оның 1 млрд-қа жуығы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына жұмсалады. Тағы осынша сома мәдениет пен спорт саласына бағытталмақ. Ал әлеуметік көмек көрсетуге 600 млн теңге қарастырылған. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметке 536 млн, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 60 млн, қорғаныс саласына 17 млн теңге бөлінбек. Бюждет ақшасының жартысынан көбі атап айтсақ 5 млрд 400 млны білім саласына жұмсалады.
Зәуреш Шлықова-Қалалық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:
«Биылғы жылы қала мектептерінде 3 химия кабинеті, 6 биология және 2 айти технология, 6 робототехника, ұлдарға және қыздарға арналған 4 технология кабинеті пайда болады. 100 дана компьютер сатылып алынады. Осылайша оқу орындарын пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету келесі жылы толығымен аяқталады.
Келер жылы мектептерге жөндеу жұмысын жүргізу одан әрі жалғасады. Оған 163 млн теңге қарастырылған. 2019 жылы 413млн теңгеге 7 аула абаттандырылып, 7 көшеге тротуар салынады. Суару жүйесін қалыпқа келтіруге 80млн теңге бөлінеді. Оған қоса қаладағы үш көше орташа жөндеуден өтеді. Олар Уалиханова, Байсейтова және Молдағұлова көшелері. Құрылыс жұмыстарына 300 млн астам қаржы жұмсалмақ.
2019 ж арналған қала бюджеті
9 млрд 729 млн тг:
Білім беру саласы — 5 млрд 400 млн
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы — 991млн
Мәдениет және спорт — 921 млн
Әлеуметтік көмек — 599 млн
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет түрлері — 536 млн
Транспор және коммуникация- 383млн
Өнеркәсіп, сәулет- 125 млн
Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету — 60 млн
Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары — 46 млн
Қорғаныс саласы — 17 млн
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login