Балқаш байыту фабрикасында мерт болған ер адамның өліміне жұмыс берушілер кінәлі. Қайғылы оқиғаға байланысты құрылған комиссия осындай қорытынды шығарды. Еске сала кетейік, төтенше жағдай желтоқсан айының басында ұсақтау учаскесінде болған еді. 48 жастағы жұмыскер 2 метрдей тереңдікке түсіп бункерді тазалап жатқан. Алайда төбесінен руда құлап, оны басып қалады. Ол сол жерде тілге келместен көз жұмады. Кейін осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, бұл жағдайға жұмыс берушілерді кінәлі деп тапты.
Тәуелсіздік мейрамында 90 балқаштық баспаналы болды. Су жаңа үйге «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы алғашқы жарнасын жинақтаған балқаштықтар ие болды. Ал пәтер кілттерін қала әкімінің өзі табыс етті.
Мемлекеттен жер алып оны пайдаға жаратпаған балқаштықтар жер телімдерінен айырылуда. Жер қатынастары бөлімі мен прокуратураның біріккен тексерісінен кейін, екі учаске үкіметке қайтарылған. Тағы екеуі мемлекет қарамағына өтуі мүмкін.Осы уақытқа дейін балқаштықтар 21 аймақты жалға және 71-ін жеке меншікке алған. Оның 2 мың гектарына тұрғын үй салынып, шаруа қожалықтары мен баубақша аймағына айналу керек еді. Алайда, алынған жер телімдері әлі күнге дейін бос жатыр.
Мерекелік демалыстарда жас өспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан қалалық біріншілік өтті. Бұл сайысқа 9-13 жас аралығыдағы 200 спортшы қатысты.
Жаңа жыл ең жұмбақ әрі қызықты, ғажайып мереке. Ал түрлі сыйлықтар сыйлау осы мейрамның ең басты рәсімі іспеттес. Жақын жандардың бір-біріне сый жасап, қуанышқа бөлейтін сәттер жақындап қалды. Ал сіз қандай сый күтесіз? Біз осы сауалмен халық арасына шығып, елдің жауабын біліп қайттық.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login