Байыту фабрикасында мерт болған ер адамның өліміне кінәлілер анықталды

Балқаш байыту фабрикасында мерт болған ер адамның өліміне жұмыс берушілер кінәлі.  Қайғылы оқиғаға байланысты құрылған комиссия осындай қорытынды шығарды. Еске сала кетейік, төтенше жағдай желтоқсан айының басында ұсақтау учаскесінде болған еді. 48 жастағы жұмыскер 2 метрдей тереңдікке түсіп бункерді тазалап жатқан. Алайда  төбесінен руда құлап, оны басып қалады. Ол  сол жерде тілге келместен көз жұмады. Кейін осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, бұл жағдайға жұмыс берушілерді кінәлі деп тапты.  Сол күні ауысым шебері мен инженер жұмыскерлердің қауіпсіздік ережесін сақтауын бақыламаған. Әрі жұмыстың орындалу барысын айқындап көрсететін технологиялық құжатта болмай шықты. Одан бөлек фабрикадағы құрылғылар стандартқа сай келмейтін көрінеді.Мәселен руданың дымқылданып қатып қалмауының алдын алатын электрлі вибратордың жоқтығы және люк терезесінің кішкентай болуы сынды себептер де бар. Әрі қарай бұл іспен құзырлы органдар айналысады. Ал, әзірге «Қазақмыс» корпорациясы мерт болған ер адамның отбасына көмек ретінде 1 млн 200 мың  төледі және марқұмның артынан қалған несиесін өтеп берді.

Сахибжамал Сафарова – Қарағанды облыстық еңбек инспекция басқармасының тау-кен металлургия саласын бақылаушы бөлімінің басшысы:

«Еңбек заңнамасының 190 бабына сәйкес жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру туралы материалдар жиналған соң, 7 күннің ішінде мемлекеттік Еңбек инспекция тарапынан Балқаш полиция бөліміне материалдар жолданады».

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login