Қоңырат мөлтек ауданында көп жылдар бойы қаңырап бос тұрған екі көпқабатты үй жөнделіп, пайдалануға берілді. Су жаңа пәтер кілттері бірінші кезекті көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдерге табысталды.
3 баланың анасы Әсем Садвақасова бұл сәтті 11 жыл күткен. 2007 жылы жолдасының мүгедектігіне байланысты үй кезегіне тұрған. Кейін тізімге жалғызбасты ана ретінде қайта тіркеледі. Кезегі келгенше пәтер жалдап тұрған. Енді міне 2 бөлмелі жеке пәтері бар.
Әсем Садвакасова-Балқаш тұрғыны:
«Көңіл-күйім тамаша, өте қуаныштымын. Пәтерлі болғаныма. 11 жылдан бері тұрмын осы тізімде. Рахмет елбасымызға, әкімшілікке, баспаналы болып жатырмыз.
Жаңа пәтерлерде пластик терезе орнатылып, линолеум төселіп, әр жуынатын бөлмеге бойлер қойылған. Ал жертөлесінде ауа-райының температурасына қарай пәтердегі жылуды автоматты түрле реттеп отыратын пункт жұмыс істеп тұр.
Вадим Клещин – учаске шебері: «Егер күн суытса, онда автоматты түрде үйге жылу көбірек беріледі. Яғни тұрғындар қолданған жылу үшін ғана ақы төлейді. Мұнда есептегіш құралы орнатылған. Сол бойынша тұтынған жылуды әр үйдің шаршы метріне қарай тең бөлеміз.»
Қоңырат м\а Зайцев көшесі мен Русаков көшесінде қаңырап бос тұрған 2 үйді жөндеу өткен жылы басталған болатын. Ол үшін жергілікті бюджеттен 400 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға үй қайта қалпына келтіріліп, ауланы аббаттандыру жұмыстары жүргізілді. Түрлі тренажерлер мен әмбебап кортта орнатылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login