Балқашта жұмыскерлердің жалақысын уақытылы төлемеген мекемеге айыппұл салынды

Балқашта жұмыскерлердің жалақысын уақытылы төлемеген мекемеге айыппұл салынды. Кәсіпорын қол астындағы 10-ға жуық қызметкердің еңбекақысын кешіктіріп келген. Сот өкілі мекеме басшысымен видеобайланысқа шығып, онлайн тәртіпте іс жүргізді. Анықталғандай, осы жылдың жазында облыстық еңбек инспекциясы өндіріс орнының аймағында тексеріс жүргізген. Сол кезде, мекеме қызметкерлері жалақыларын уақытылы алмайтынын айтып шағымданған. Облыстық инспекторлар кәсіпорынға тамыздың соңына дейін жұмыскерлердің еңбекақысын төлеуге уақыт берген. Алайда кәсіпорын басшыларығ ескертуді ескермеген. Видеобайланыс арқылы өткен сот отырысында мекеме директоры кінәсін мойындады. Оның айтуынша, жалақыны кешіктіруіне тапсырыс берушілердің ақшаны уақытылы төлемеуі себеп болған. Осылайша, сот заң тармақтарына сай айыпталушыға 160 мың теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, қызметкерлердің тиесілі жалақысын төлеуге міндеттеді.

Динара Бапаева – мамандандырылған әкімшілік соттың кеңсе меңгерушісі:

«Сот қаулысымен ЖШС әкімшішілік жаза ретінде әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 829 бабына сәйкес 30 пайыз жеңілдікпен 168 350 теңгені құрайтын айыппұл салынды».

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login