Балқаш жаңалықтары 11.12.2018

  1. Балқашта үй төбесіндегі жылу құбыры жарылып, жоғарғы қабаттағы пәтерді су басып қалды. Оқиға  Мир көшесіндегі 5 үйде болды. Анықталғандай жылу жүйесі шатыр арқылы жүргізілген. Өкінішке орай пәтер иесі бүгін үйінде болмай шықты. Ал КСК мамандарының айтуынша, жоғарғы қабаттағы үй қожайыны, төбеден су тамшылап тұрғанын айтып,  түсте қоңырау шалған. Оқиға орнына келген мамандар, шатырдағы тікқұбырды ауыстыру керектігін айтып, сол құбыр желісі арқылы келіп тұрған жылу жүйесін тоқтатып кеткен. Ал үй иесі  қажетті құрылыс материалдарын сатып алғаннан кейін, мамандарды қайта шақырту керек еді.  Алайда пәтер қожайыны өзі іске кірісіп,  құбырдың кранын жұлып алған.
  2. Балқашта 20 адам мұзға тайып жығылып, түрлі жарақат алды. Қаламызда сіркіреп жауған жаңбыр аралас қардың арты, көктайғаққа ұласып тұрғындарға қолайсыздық туғызуда.
  3. Балқашта көп қабатты үйлерге сараптама жүргізу үшін бюджеттен 6,5 миллион теңге бөлінді. Бөлінген ақшаға қаламыздағы екі үйдің апатты жағдайда тұрған тұрмағанын анықтау үшін комиссия сараптамасы жүргізілді.  Жалпы, қаламызда барлығы 585 көп қабатты үй бар. Оның 112-і жөндеуді қажет етеді.  Ал, оларды апатты жағдайда деп тану үшін тұрғындар өз қаражаттарына қымбат тұратын экспертиза жасатулары тиіс. Оны барлық балқаштықтардың қалтасы көтере бермейді. Осыны ескерген қала билігі демеушілік көрсетуде.
  4. Қазақстандықтар жол ережесін бұзушыларды суретке немесе видеоға түсіріп 200 мың теңге табыс таба алады. ІІМ келіп түскен мәліметтің шын екеніне көз жеткізсе, ақашалай сыйақы бермек.  Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша,  қазір елімізде жаңа қосымша құрастыру көзделуде. Оның көмегімен тұрғындар полицейлерге түрлі заң бұзу фактілерін видео немесе фото арқылы жіберіп отырады. Егер мәлімет дәлелденсе, автор ақшалай сый алады. Ереже бұзушыға салынған айыппұл сомасының 50 пайызы қазынаға, ал 40 пайызы ақпарат жіберушіге беріледі. Қалған 10пайызы қосымшаны құрастырған адамға тиесілі. ІІМ санауы бойынша Астана тұрғындары осылайшы бір айда 260 мың теңге табыс таба алады. Мысалы жүргізуші қызыл түске тоқтамай өтіп кетсе, видео немесе сурет авторы 5 мың, ал егер жаяу жүргіншіні өткізбегенін түсіріп алса онда 20 мың теңге алады.
  5. Балқаштықтардың 24 мыңы даму мед мобильді қосымшасын қолданады. Оның көмегімен тұрғындар емханаға бармай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылып, тіпті үйге де шақырта алады. Сонымен бірге тапсырған анализ қортындысын көре алады.  Даму мед медициналық қосымшасын 16 жас пен 60 жас аралығындағы тұрғындар қолданады. Ол іске қосылған екі жыл ішінде дәрігерге қабылдауына жазылу 140 пайызға , үйге шақырту 400 пайызға өскен.
  6. 9 желтоқсаннан бастап поездардың жүру уақытына өзгеріс енді. Соған байланысты Балқаш-Қарағанды бағытындағы поезд бұрынғыдай 19:00 де емес жарты сағатқа ертерек, 18:35 аттанады. Ал Астана -Семей поезды бұрын түскі 15:00 де жүрсе, енді кешкі 19:07 де қозғалады. Сондай-ақ Астана және Жезқазған бағытыдағы поездардың жүру уақытында да өзгеріс бар.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login