Балқаш көлінде 25 жастағы ер адам мұз астына кетіп, қаза тапты

Оқыс оқиға Тасарал кентінен 15 шақырым жерде болды. Сол ауылдың тұрғыны, қасына 2 жолдасын ертіп  «Уазик» көлігімен Аралға кеткен. Алайда, ауылдан ұзай бергенде әлі қата қоймаған мұз жарылып кетіп, көлік су астына кеткен. Төтенше жағдай кешкі сағат 8-дер шамасында болды. Темір тұлпардың ішінде 3 ер адам болыпты. Көлік бата бастағанда 25 және 16 жастағы Тасарал кентінің тұрғындары  автомобильден шығып үлгерген. Оларды айдында жүрген басқа көлік иелері байқап, көл үстіне шығарған. Ал, үшіншісі Уазиктің ішінде кептеліп, сыртқа шыға алмаған. 25 жастағы жігіттің өлі денесін құтқарушылар тек ертеңінде ғана су астынан алып шықты.

Ахметов Берік – Приозерск қаласының жедел құтқару жасағының басшысы:

«Шамамен 21:50-де автокөлік батқан жерге барып көріп, іздестіру жұмыстарын келесі күнге қалдырдық. Таңертең автокөлікпен оқиға орнына барып водолаз су астына түсіп, арқанмен автокөлікті байлап біраз уақыттан кейін автокөлікті көтеріп, мәйітті шығарды».

 

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login