Балқаш жаңалықтары 06.12.2018

  1. Көл жағалауында кәріз құбырын салу аяқталды. Құрылысшылар енді астаң-кестеңі шыққан аймақты қалпына келтіруге көшті. Жерді тегістеп, брусчаткаларды қайта төсеуде. Қазіргі таңда 500 шаршы метр жерге тротуар салынған. Ал жыл соңына дейін 6 мың шаршы метр аймаққа қиыршық тас төселеді. Көктемде жұлынған жасыл-желектің орнына жас көшеттер отырғызады.
  2. Қазақстанда қызылша ауруы өршіп тұр. Жыл басынан бері  26 адам осы дертті жұқтырған. Оның 20-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Соған байланысты балқаштықтар өз қалауы бойынша екпе салдырта алады.  Ол үшін мекен-жай бойынша жергілікті емханаға жүгіну қажет.
  3. Балқаш қаласы әкімінің  «Өркен жастар»  сыйлығының иегерлері анықталды. Александр Аглиулин 2019 жылдың-жастар жылы деп жарияланғанын тілге тиек етіп, жас буынға үлкен үміт артты. Биыл Балқаш қаласы әкімінің Өркен жастар сыйлығы 10-шы рет табысталды. Жыл оқушысы, жыл студенті,  жас дарын, жас мемлекеттік қызметкер, жыл кәсіпкері, жастар лидері сынды 10 номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.
  4. Бүгін балқаштық жастар «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Азиз Заировпен кездесті. Режиссер, сценарий жазушы әрі қоғам қайраткері Алматыдан келді.
  5.  Балқаштық полицейлер тәртіп бұзған 65 қару иесін анықтады. Олардың көбісі атыс құралын дабыл жүйесі істен шыққан сейфте сақтаған. Қазір қаламызда мылтық, тапанша секілді  түрлі қару ұстайтын 834 адам тіркеген. Көбісі аңшылықпен айналысады. Олардың қолында  1400 ге жуық атыс құралы бар. Заң бойынша қаруды дабыл жүйесі орнатылған сейфтерде сақтау қажет.
  6. Қаламызда жаңа жылдан бастап қоғамдық жұмыс қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл өзгеріс  500-ден аса балқаштыққа қатысты. Қазіргі таңда қоғамдық жұмыскерлердің жалақысы 35 мың теңге. Ал, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға үкіметтен  42 500 теңге төленеді.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login