Балқашта салмағы 40 келі болатын алып торт пісірілді. Қалада Тұңғыш Президент күніне орай кондитерлер арасында байқау өтті. Өз ісінің мамандары Бәйтерек, Ақ орда ғимаратын, Рухани жаңғыру символын бейнелеген.
15 жылдық тәжірибесі бар кондитер Зәмзәгүл Майлыбай өмірінде алғаш рет осындай үлкен торт пісірген. Салмағы 40 келі болатын тәттіні әзірлеуге 200 жұмыртқа, 10 келі ұн, қант және 5 кг мастика жұмсалған.
Зәмзәгүл Майлыбаева – кондитер:
«Алып тортты жасау өте қиын болды. 3 күн жүрдім. Оған өте көп зат қосылды. Ең қиыны осында жеткізу болды. Енді елге ұнайды деп ойлаймын. Өз көңілімнен шықты.
Ал сервис колледжінің студенттері 30 келі торт пісіріп әкеліпті. Оқытушылар мен студенттер бірігіп 3 күн бойы дайындаған. Безендіруге бәрінен көп уақыт кеткен. Мұндағы әр элементтің өз мәні бар.
Дина Аманжолова-Балқаш сервис колледжінің өндіріс шебері:
Кремнен жасалған миренга деген. Бұл жерде мастика бар, шоко лад бар. Крем әр түрлі. Президентіміздің көтерілгенін, оны қолы тұр. Бәйтерек, күн, бүркіт бар. Бүркіт бостандықты білдіреді.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша бұл конкурста бірінші орын алып тортқа бұйырды. Күміс жүлдені Балқаш сервис колледжі жеңіп алды. Ал қола жүлде Рухани жаңғыру тортына берілді. Кейін тәттіден қала тұрғындары дәм татты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login