Балқаштықтарды ашық жатқан немесе сынған кәріз құдықтарын көрген бойда хабар беруге шақырады. «Балқаш Су» қызметкерлері өтініштерді қарап, егер люк мекеме балансында болатын болса, оны жауып жөнге келтіреді. Бүгін «Балқаш Су» жұмыс тобы Мир мен Ленин көшесінің қиылысындағы кәріз құдығын қайта қалпына келітірді. Тұрғындардың шағымынан кейін ашық жатқан құдықтың айналасын цементпен бекітіп, қақпағын орнаттты.
Әлібек Сақбаев – «Балқаш Су» КММ бөлімінің басшысы
«Арнайы қоршаумен екі күн тұрды. Бүгін үшінші күн ауыстырып жатырмыз. Бүгін күн жылы, жұмыс істеуге ыңғайлы. Жұмыс көп болды да тек бүгін ауыстырдық».
Балқашта жыл басынан бері 20-ға жуық кәріз құдықтарының қақпағы қолды болды. Оның ішінде тек бір ғана ұрлықтың беті ашылып, екі қақпақ қайтарылған. Жалпы, «Балқаш Су» мекемесінің балансында 13 мың кәріз құдығы бар. Биылдың өзінде оның 300-і полимерлі-құмнан жасалған жаңасына ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейік, егер беті ашық, қақпақтары сынық құдықтарды көрсеңіздер 5-10-45, 4-16-65 нөмірлеріне хабарлай аласыздар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login