Бөкейханов көшесіндегі үш бөлмелі баспана күндіз отқа оранды. Құтқарушыларды көршілер шақыртқан. Түтінді көрген кәугерлер бірден өрт сөндірушілерге хабар берген. Қызыл жалын тұтанғанда іште әйел мен бала болған. Олар дер кезінде үйден шығып үлгеріпті. Зардап шеккендер жоқ.
Балқашта жыл басынан бері 400 отбасы тұрғын үй көмегін алған. Ол үшін жергілікті бюджеттен 9.5 млн теңге жұмсалды. Мұндай төлем жағдайы төмен азқамтылған отбасыларға арналған. Егер жанұяның ортақ табысының 8 пайызы коммуналдық шығындарды төлеуге жұмасалатын болса, онда мемлекет көмегіне жүгінуге болады.
Канализациялық желілерді жаңалау 80 пайызға аяқталды. Қазір жұмыстар көл жағалауында жүргізілуде. Құбыр орнату үшін құрылысшыларға төселген брусчаткаларды алып, талдарды тамырымен қоса қопаруға тура келді. Енді кәріз желісі салынбаған 70 метр жер қалды. Жұмыстар жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Балқаштық құтқарушылар көл үстіне шығудың қауіпті екенін ескертеді. Себебі мұз әлі толық қатып үлгерген жоқ. Оның қалыңдығы жағалаудан бастап 100 метр жерге дейін 7 сантиметр. Ал 500 метрден аса көл суы әлі қатпаған. Адам салмағын көтеру үшін мұздың қалыңдығы 8-10 см болуы тиіс.
Балқашта теплоходтар уақытша қолданыстан шығарылды. Навигация мерзімінің жабылуына орай, олар қыстық тұраққа қойылды. 11 катер Қазақстан Су жолдары кәсіпорнының аймағына әкелінді. Су көліктерін жеткізу үшін мұзды сындырып, жол ашатын екі буксир жұмылдырылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар да өнерден кенде емес. Оны балқаштық Мадина Рахимберлина және Айнұр Игембай облыстық жарыста дәлелдеп қайтты. Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар арасында спорт және шығармашылық фестивалі өтті. Онда 18 ден асқан 12 балқаштық өнер көрсетті. Солардың ішінде екеуі мараптқа ие болды.
Ветерок ансамблінің биші қыздары республикалық конкурстан жеңіспен оралды. Қарағандыда өткен жарысқа кіші және үлкен топтан 5 пен 16 жас аралығындағы 30 әртіс барды. Олар түрлі номинацияда әр түрлі стильдегі 6 би билеген. «Әйелдер тангосы» , «Менің қалам», «Жігіттер биі», «Кәмпиттер», Суретін сал» деп аталатын композициялық қойылымдар және корей ұлттық биі қазылар алқасының көңілінен шыққан. Нәтижесінде Ветерок ансамблі бір гран приға және 5 бірінші орынға ие болды.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login