Балқаштық «Достық» футбол командасы Қарағандыда екі ойында жеңіске жетті. Футзалдан облыстық ашық біріншілік басталды.Теңбіл доп сайысында 48 команда бақ сынауда. Балқаштық спортшылар бірінші лигада өнер көрсетуде. Әзірге жеңіліссіз келеді. Достық командасы алғашқы қарсыласы карағандылық «Куганы» 5:3 есебімен ұтты. Ал екінші ойында Банк центр кредит командасымен кездесіп, 8:2 ұпайымен басым түсті.Қараша айында басталған ашық біріншілік сәуір айына дейін созылады. Былтыр балқаштықтар турнир кестесінде 4 орынға тұрақтаған болатын.
Серікбол Бектұрғанов-«Достық» футбол командасының жаттықтырушысы
«« Биылғы жылы алғашқы үштікке кіреміз деген ойдамыз. Балалардың дайындықтары жақсы. Келесі ойынды 17 қараша күні «Астика» командасымен өткіземіз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login