Балқашта бір емес екі көлік апатына себепші болған мотоцикл жүргізушісі сотталды. Анықталғандай ол сол күні транспортты мас күйінде басқарған. Ал оқиға тамыз айында Желтоқсан көшесіндегі нан комбинатының жанында болған еді. Артына әйелді отырғызып алған мотоцикл жүргізушісі алдындағы волксвагенге соғылады. Содан рөлді басқара алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, өз бағытымен келе жатқан тайотамен қақтығысады. Салдарынан мотоцикл құлап, жігіттің аяғы сынады. Ал қасындағы әйел түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізіледі. Тергеу барысында бір емес екі көлік апатына себепші болған 30 жастағы тұрғынның транспортты мас күйінде басқарғаны анықталды. Ол 5-6 шөлмек сыра ішкенін мойындаған. Оған қоса жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылғандығы белгілі болды. Сот оны 60 сағаттың қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды. Сонымен бірге тағы 3 жылға транспорт басқару құқығынан айырды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login