Балқашта белгісіз біреулер контроллердың атын жамылып, елді тонауда. 79 жастағы зейнеткер осындай қуларға алданып қалды. Қарттың үйіне электр қуатын есептейтін құралды тексереміз деп әйел пен ер адам келген. Содан аппараттан ақау таптық, айыппұл төлемес үшін, сіз өтініш толтыру керексіз деп алдаған. Әйел мен үй иесі төр бөлмеде өтініш толтырып жатқанда, ер адам үйді тінтуге кіріседі. Зейнеткердің сөмкесін көріп, ұрлап кеткен. Ал оның ішінде құжаттар мен ақша болған екен. Кейін үй иесі сөмкесін іздеп таппайды. Содан алданғанын біліп, полицияға жүгінген.
Бекітілген ереже бойынша есептегіш құралдарын тексеретін мамандардың құжаты болуы керек. Ол мекеменің атауы жазылған және мөр мен қол қойылған қызметтік куәлік немесе бейдж. Онда қызметкердің фотосы мен аты жөні көрсетілуі тиіс. Егер келген контроллер екі құжаттың бірін көрсетпесе онда пәтер иесі оны үйге кіргізбеуге құқылы.
Юрий Снегуров-«Балқаш энерго» КМК бас инженері
«Біздің контролерлар есептегіш көрсеткішін жазып аларда екеулеп емес, үнемі жалғыз жүреді. 3 адам жүретін кездер болады. Ол тек рейд кезінде ғана. Есептегіш құралын тексеремін деп келгендерден міндетті түрде құжат сұраңыздар. Болмаса, үйге кіргізбеңіздер.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login