Әкімдікте сенім телефоны пайда болды

Балқаштықтар, мердігер компаниялардың жұмысына шағым айта алады. Егер, асфальт салу және брюсшатка төсеу жұмыстары кезінде олқылықтарды көрсеңіз, құрылыстың сапасына көңіліңіз толмаса онда әкімдікке хабарлай аласыздар. 4 -42-61, 4-19-36 және 4-40-84 нөмірлері арқылы. Сонымен бірге, жөндеу жұмыстары кезінде ереже бұзу фактілерінің куәсі болсаңыз, онда видеоға түсіріп төменде көрсетілген ватсап нөмеріне жіберуге болады. Электронды пошта да іске қосылған. Айта кетейік, қаланың 80 жылдық мерейтойына орай 70 мың шаршы метр жол жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, 20 мың шаршы метр жерге брюсшатка төселеді.

Айнур Бектурова – Балқаш қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы
«Қоңырауларға қала әкімінің баспасөз хатшысы, қалалық маслихат және кезекші бөлім жауап береді. Әр тұрғын құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты өз шағымын жеткізе алады. Оларға қатысты ақпарат құпия түрде сақталады».

Графика: Сенім телефоны: 4-42-61; 4-19-36; 4-40-84;

Whatsapp нөмері: 8 778 3215788
8 775 6972814
8 708 5683859
Электрондық пошта: blogbalkhash@mail.ru.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture