Қысқы олимпадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың жарыс жолына қашан шығатыны белгілі болды

Қысқы олимпадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың жарыс жолына қашан шығатыны белгілі болды. Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін ақ олимпиадаға Қазақстан атынан 46 спортшы аттанды. Олар қысқы спорттық ойындардың 9 түрі бойынша бақтарын сынайды. Жарыс жолына 9 ақпан күні алғаш болып  таңғы сағат 7 де фристайл-могул сайысы бойынша Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков шығады. Айта кетейік, былтыр Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада ойындарында Юлия Галишева еліміздің қоржынына бір емес екі алтын салған болатын. Сондықтанда оған қазақ елі үлкен үміт артып отыр.  Қазақстандық спортшылардың өнер көрсету уақыты жазылған кестедегі мезгіл Астана уақытымен көрсетілген. Ауа райына байланысты сайыстардың уақытында өзгерістер болуы ықтимал.

Қазақстандық спортшылардың өнер көрсету уақыты жазылған сайыс кестесі:

9 ақпан (жұма)

7:00, 8:45 Фристайл-могул, біліктілік (Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков)

17:00 Олимпиаданың ашылу салтанаты

 

10 ақпан (сенбі)

13:15 Шаңғы жарысы, дуатлон, әйелдер (Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленева)

16:00 Шорт-трек 1500 метр, ерлер (Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша Денис, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев)

16:10 Шаңғы спорты, ерлер (Никита Копыренко)

17:15 Биатлон, спринт, әйелдер (Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Елизавета Бельченко, Алина Райкова)

18:35 Трамплиннен секіру, ерлер (Cергей Ткаченко)

 

11 ақпан (жексенбі)

08:00 Тау шаңғы спорты, даунхилл, ерлер (Игорь Закурдаев)

12:15 Шаңғы жарысы, дуатлон, ерлер (Алексей Полторанин, Евгений Величко, Денис Волотка, Виталий Пухкало)

15:50 Шаңғы спорты, жекелей финал, ерлер

16:30, 18:00 Фристайл-могул, финал, әйелдер

17:15 Биатлон, спринт, ерлер (Василий Подкорытов, Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Владислав Витенко)

 

12 ақпан (дүйсенбі)

7:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, алып слалом, әйелдер (Мария Григорова)

16:10 Биатлон, әйелдер 16:30, 18:00 Фристайл-могул, финал, ерлер

18:30 Конькимен жүгіру, 1500 метр, әйелдер (Екатерина Айдова)

 

13 ақпан (сейсенбі)

08:30, 12:00 Тау шаңғы спорты, суперкомбинация, ерлер

14:30,17:00 Шаңғы жарысы, спринт, классикалық стиль, ерлер және әйелдер

16:00 Шорт-трек, 500 метр, әйелдер (Анастасия Крестова, Ким Йонг А)

17:00 Конькимен жүгіру спорты, 1500 метр, ерлер (Роман Креч, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Артем Крикунов, Станислав Палкин)

 

14 ақпан (сәрсенбі)

07:15, 10:45 тау шаңғы спорты, слалом, әйелдер

16:00 Конькимен жүгіру спорты, 1000 метр, әйелдер

17:00 Биатлон, 15 шақырым. Жекелей сайыс, әйелдер

 

15 ақпан (бейсенбі)

08:00 Тау шаңғы спорты, аса алып, ерлер

12:30 Шаңғы жарысы, 10 шақырым, еркін стиль, әйелдер

17:00 Биатлон, 20 шақырым жекелей сайыс, ерлер

17:00 Фристайл-акробатика, біліктілік, әйелдер (Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аян Жолдас)

 

16 ақпан (жұма)

7:00-11:30 Мәнерлеп сырғанау, ерлер, қысқа бағдарлама (Денис Тен)

12:00 Шаңғы жарысы, 15 шақырым, еркін стильде, ерлер

17:00 Фристайл-акробатика, финал, әйелдер

18:30 Шаңғымен трамплиннен секіру, біліктілік, ерлер

 

17 ақпан (сенбі)

7:00-11:25 Мәнерлер сырғанау, ерлер

08:00 Тау шаңғы спорты, аса алып, әйелдер

15:30 Шаңғы жарысы, эстафета, әйелдер

16:00 Шорт-трек, 1000 метр, ерлер, 1500 метр, әйелдер

17:00 Фристайл-акробатика, біліктілік, ерлер (Ильдар Бадрутдинов)

18:30 Шаңғымен трамплиннен секіру, финал, ерлер

 

18 ақпан (жексенбі)

07:15, 10:45 Тау шаңғы жарысы, алып слалом, ерлер

12:15 Шаңғы жарысы, эстафета

18 ақпан (жексенбі)

07:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, алып слалом, ерлер

12:15 Шаңғы жарысы, эстафета, ерлер

17:00 Конькимен жүгіру спорты, 500 метр, әйелдер

17:00 Фристайл-акробатика, финал, ерлер

17:15 Биатлон, 15 км, масс-старт, ерлер

 

19 ақпан (дүйсенбі)

17:00 Конькиемен жүгіру спорты, 500 метр, ерлер

 

20 ақпан (сейсенбі)

16:00 Шорт-трек, біліктілік, 500 метр, ерлер, 1000 метр, әйелдер

17:15 Биатлон

 

21 ақпан (сәрсенбі)

7:00-11:30 Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама, әйелдер (Элизабет Тұрсынбаева, Айза Мамбекова)

08:00 Тау шаңғы спорты, даунхил, әйелдер

14:00, 16:00 Шаңғы жарысы, командалық спринт еркін стильде, ерлер және әйелдер

 

22 ақпан (бейсенбі)

07:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, слалом, ерлер

16:00 Шорт-трек, финал, 500 м, ерлер, 1000 метр, әйелдер

17:15 Биатлон, эстафета, әйелдер

 

23 ақпан (жұма)

7:00-11:15 Мәнерлеп сырғанау, әйелдер

08:00, 11:30 Тау шаңғы спорты, суперкомбинация, әйелдер 16:00 Конькимен жүгіру спорты, 1000 м, әйелдер

17:15 Биатлон, эстафета, ерлер

 

24 ақпан (сенбі)

11:00 Шаңғы сайысы, 50 шақырым, классикалық стиль, ерлер

17:00 Конькимен жүгіру спорты, масс-старт, ерлер мен әйелдер

 

25 ақпан (жексенбі)

6:30 Мәнерлеп сырғанау

12:15 Шаңғы жарысы, 30 шақырым, классикалық стиль, әйелдер

17:00 Олимпиаданың жабылу салтанаты

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать