Құттықтау Қоскен Айталымұлы!

Құрметті жездеміз Қоскен Айталымұлы! Сізді, 60-тың асқарлы асқарына аттаған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, көктемдей күмбірлеген көңіл, жаздай ыстық мейірім, күздей салқын сабырлылық, тілей отырып, еңбегіңіздің жемісін көріп, мерейіңіз үстем бола берсін демекпіз!

60 жас асқаралы таудай екен,
60 жас шалғынды жер баудай екен.
60 жас 6 аттамдық жерде емес,
60 жас алыстардан арбайды екен.

Сол, 60-тың жалын тартып ерттедіңіз,
Байлық болсын әрқашан еккеніңіз.
Деніңіз сау, жарыңыз аман болсын,
Оралсын бақыт болып өткеніңіз.

Құтты болсын мерейтойың, мерекең,

Арта берсін ырыс-құтың, берекең.

Жасың өссін, көңілің қартаймасын,

Алда көрер қызығың ортаймасын.

Т/б: жұбайы – Гүлбарам,

Шарбековтер әулеті.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *