Құттықтау Аманкелді Тайтөлеуұлы!

Ардақты ағамыз Аманкелді Тайтөлеуұлы, Сізді 50 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтай отырып, деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз!

 

Кішіге – аға, үлкенге іні болып,

Жүре бергін жақсының бірі болып.

Жамандық атаулыны жолатпайтын,

Жақсының бұл өмірде жөні бөлек.

 

Аға десе асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп отбасыңа бас болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.

 

Аман жүр, аға, жеңгеммен,
Жан бар ма саған тең келген.
Несібең тасып, бақ қонып,
Тірегім болшы дем берген.

 

Құтты болсын мерейтойың, мерекең,

Арта берсін ырыс-құтың, берекең.

Жасың өссін, көңілің қартаймасын,

Алда көрер қызығың ортаймасын.

 

Т/б: бауырлары

балалары

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *