«Өркен-media» арнасы Наурыз мерекесіне орай фото байқау жариялады

Өз суретіңді жарияла да 10 мың теңге ұтып ал! Өркен-медия арнасы Наурыз мерекесіне орай фото-байқау жариялады. Оны шарты бойынша инстаграм желісіне ұлттық киіммен түскен сурет салып, оның астына  #наурызоркенмедиа хештегін жазып, 5 досыңды белгілеу қажет.  Парақша ашық болуы тиіс. Байқауға тек Балқаш қаласының тұрғындары ғана қатыса алады. Финалға 20 наурызға дейін ең көп лайк жинаған 5 қатысушы ғана өтеді. Ал үздіктерді халық оркен-медия кз сайтында дауыс беру арқылы анықтайды. Оның қорытындысы 26 наурыз күні белгілі болады. Жеңімпазға «Алтын-арна» компаниясының атынан 10 мың теңге табысталады. Қалған қатысушыларда сыймен марапатталады.

Гүлім Аятай-байқау кординаторы

« Қазіргі таңда 30 қатысушы бар. Біз инстаграм желісі арқылы 5 көп лайк жинаған қатысушыларды іріктеп аламыз. Оларды халық сайтымызда дауыс беру арқылы үздікті таңдайтын болады. Сонымен қатар 3 қосымша сыйлығымыз бар.   Қатысушылар барлық белгіленген талаптары орындау керек. Орандамаған жағдайда байқаудан шектетіледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать