Көпбалалы аналарға әйелдер мерекесіне орай қаржылай сый беріледі

8 наурыз халықаралық  әйелдер күніне орай  балқаштық  көпбалалы аналарға 5000 теңгеден ақшалай  көмек көрсетілетін болды.  Бірақ  бір реттік  әлеуметтік  жәрдем  тек зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк  қазыналық орталықта есепте  тұрғандарға ғана беріледі. Қаржылай сый «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілеріне ие көпбалалы аналарға үлестірілмек. Ал  олардың саны балқашта  600-ден астам. Сонымен қатар,  төрт  және одан көп  кәмелетке  толмаған балалары  бар  алтын   құрсақты  жандарға да  ақшалай   көмек  көрсетіледі. 5000  теңгелік сый  8 наурызға дейін  барлығының  шотына   аударылады. Ол үшін жергілікті   бюджеттен 5  млн теңгеден аса    қаржы бөлінді. Айта кетейік,   мұнымен қоса  22 наурыз күніне  орай      ең төмен  зейнетақы алатындар мен   аз қамтамасыз етілген отбасыларға және  ата-ана қамқорлығынан айырылғандар бір  реттік  әлеуметтік  жәрдемақы тағайындалады.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *