Биыл 4 мың балқаштық оқушы жазғы лагерде демалады

Осы жазда 4 мыңға жуық балқаштық оқушы мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерде тынығады. Демалыс уақыты 1 маусымнан басталады. Балаларды қорғау күні әр мектепте жазғы лагерлер жұмысын бастайды. Онда 1 мен 5 сынып оқушылары бос уақытын пайдалы әрі көңілді өткізеді деп жоспарлануда. Жалпы 3 айда 15 күннен 3 мың бала қамтылмақ.

Ольга Садвокасова – білім бөлімінің бас маманы
«Оған қоса әр мектепте шет тілдерін үйрететін үйірмелер жұмыс істейді. Өз білімін жетілдіргісі келетін балалар үшін бұл жақсы мүмкіндік. Әрине, тегін болады».

Ал 12 маусым күні ересек балалар «Жас қанатқа» аттанады. Бектауата баурайындағы лагерде биыл да былтырғы жылдағыдай 1000 бала тынығады. 2 апталық демалыстың құны 7 мың теңге. Жолдама оқушылар сарайында сатылатын болады. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған.

Ольга Садвокасова – білім бөлімінің бас маманы
«Қазір қала сыртындағы лагерді ашылуға дайындап жатырмыз. Онда аздаған жөндеу жұмысын жүргіздік. Осы жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына мемлекеттен көмегіне жүгіне алады. Тек ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать