Балқаштық жұмыссыздар мен кәсіпкерлер мемлекеттен несие ала алады

Балқаштық жұмыссыздар мен кәсіпкерлер мемлекеттен несие ала алады. Қазір қалалық жұмыспен қамту орталығында ниет білдірушілерден өтінімдер қабылдау басталды. Шағын несие сомасы 15 млн дейін. Жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз. Оны өтеу мерзімі 7 жылға дейін. Алайда, міндетті түрде кепілзат болуы шарт. Жетпеген жағдайда абдыраудың қажеті жоқ. Үкімет көмек ретінде  жұмыс істеп  тұрған бизнеске несие сомасының 50 пайызына дейін кепілдік береді. Ал ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 85 пайызға дейін. Яғни енді кәсіп бастағыңыз келсе қолыңызда несиенің 15 пайызын жабатын кепілзат болса болғаны. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтар бизнесті неден қалай бастау керектігін үйрететін қысқа курсқа қатысады.

Азамат Түгелбаев-жұмыспен қамту орталығының маманы

«Микрокредиттер 2 деңгейлі банктер арқылы беріледі. Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы беріледі. Кредит алған адамда кепілзат болуы тиіс. Ол көлік болуы мүмкін, жер болуы мүмкін. Тұрғын үй болуы мүмкін».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *