Балқаштықтар жер селкінісі кезіндегі кәсіби шеберліктерін көрсетті

Балқаштықтар  төтенше  жағдайға  сай екендіктерін  барынша  пысықтап жатыр.  Олар  бұл жолы  жер сілкінісі кезіндегі кәсіби шеберліктерін пысықтады. Оқу-жаттығу зауыт аймағында өтті. Мамандар апат аймағына апаратын  арнайы  техникаларын   шығарып, дайындықтарын көрсетті. Сценарий бойынша Алматы мен Талдықорғанда жер сілкінісі болды. Ол жаққа тез арада арнайы техникаларды жеткізу керек.Ол үшін балқаштық құтқарушылар ЗОЦМ аумағына темір жол платформасына әкеліп, түрлі жүктер үшін ең бірінші Камазды тиеді.

Ерлан Тлеулин – «Вираж Сервис Караганда» ЖШС Балқаш қалалық филиалының бас механигі:«Біз төтенше жағдайға Камаз көлігін дайындадық. Бірақ, жүргізуші ол туралы хабарсыз болды. Дегенменде берілген тапсырманы жақсы орындап шықты. 10 тонналы көлікті платформаға шығарып, жүк тиеуге дайындады».

Ал 10 тонналы Камаз рельске бекітілген соң, артына компрессор техникасын жалғады.Себебі, энергия көзін беретін аппаратты көліктің атқаратын рөлі зор.Ол арқылы үлкен, ауыр техникаларды қуаттауға болады. Содан кейін басқа жүк көліктері осындай тәртіппен тиісті аймаққа жол тартады.

Асылбек Болатов – ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері:«Біздің қала Оңтүстік Қазақстан облысына жақын.Сондықтан төтенше жағдай кезінде техниканы бірінші біз жібереміз. Мұндай төтенше жағдайға біздің көліктер100 пайыз дайын.Оған көзіміз жетті».

Осылайша жер селкінісі желісіндегі төтенше оқиғаға балқаштықтар дайын екендіктерін көрсетті. Оқу-жаттығуға 5 арнайы көлік пен 30адам жұмылдырылды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать