Балқаштықтар дәрігерлердің қызметіне шағым түсіре алады

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасында call-орталық ашылды. Оған хабарласу арқылы балқаштықтар медициналық қызметтер туралы ақпарат біліп, дәрігерлер үстінен шағым түсіре алады. Телефон нөмері:955 559 және 87024478801. Бір айта кетерлігі, алғашқы нөмерді терер кезде Қарағанды қаласының кодын қолдану қажет. Қоңырау шалу тегін. Тұтқаның ар жағындағы мамандар сіздің денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдарыңызға жауап беріп, өткізілетін акциялар жайында ақпарат береді. Сондай-ақ медициналық мекемеге немесе белгілі бір маманға қатысты шағым түсіруге болады. Келіп түскен әр қоңырау жазылып отырады және тексеріс үшін клиниканың аудит қызметіне жіберіледі. Еске сала кетейік, Балқаш қаласының емханаларында да пациенттерді қолдау орталығы жұмыс істейді. Нөмірлер тізімі экранда көрсетілген.

Айгүл  Конкалова –емделушілерді қолдау орталығының маманы:«Емделушілерді қолдау қызметі 2015 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істей бастады.  Бүкіл емделушілердің құқығының сақталуын қадағалап келе жатырмыз. Көп адамдар жиі хабарласады. 2017 жылы 194 адам келіп, шағым жасап, өтініш білдірді. Соның 159 біздің емделушілерді қолдау орталығы шешті.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығы
(87212) 955 559, 8 702 44 77 801
Балқаш қаласының пациенттерді қолдау орталығы
Орталық аурухана 4-56-37, 8 708 128 9255

№1 емхана 7-31-08
№2 емхана 6-03-97

Біздің Telegram — парақшамызға  жазылыңыздар!

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *