Балқаштық сұлулар «Мисс Қазақстан» байқауына қатысуға мүмскіндік алды

Балқаштық сұлаулар «Мисс-Қазақстан» конкурсына қатысуға тағы бір мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар инстаграмм-кастинг жариялады. Іріктеудің қорытындысы бойынша топ-10 ға кірген қыздар таңдалады. Олар әр қалада өткен сұлулық байқауында жеңімпаз атанған 18 қатысушымен бірге сайысқа түседі. Шарт бойынша, арулар инстаграмм парақшасына бірнеше фотосын жүктеп, оның астына өзі жайлы мәлімет қалдыруы тиіс. Сонымен бірге видео ролик түсіріп, оны да жариялаулары керек. Ең бастысы #ХочустатьМиссКазахстан2017 деген хештегті жазуды ұмытпау қажет. Кастинг 24 ақпанға дейін созылады. Одан сүрінбей өткендер финалда бақтарын сынайды. Айта кету керек, қыздардың жасы 17 мен 25 ке дейін. Ал бойлары 168см төмен болмауы қажет.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *