Балқаштық мемлекеттік қызметкерлер ең үздік футбол командасын анықтады

Балқаштық мемлекеттік қызметкерлер ең үздік футбол командасын анықтады. Демалыс күндері футзалдан қалалық турнир өтті. Спорттық сайыс жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Қуаныш Шашаловты еске алуға арналды. Жарысқа 12 команда жиналды. Олар 4 топқа бөлініп ойнады.

Қуаныш Шашалов Балқаштағы ІІБ жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері болып 9 жыл қызмет еткен. Аға инспектор жұмысына адал, еңбекте абыройлы болған. Бокстан спорт шебері деген атаққа ие. Өкінішке орай, өткен жылдың жаз айында 32 жасында жол апатынан көз жұмды.

Марат Шашалов-Қ. Шашаловтың әкесі

Өз боксер еді. Мастер спорта. Осы қызметке барам деп. Осы СОБР ды таңдады. Өзіне ұнайтын. Көп алдына қойған мақсаттары бар. Соған жете алмай қалды

Жарысқа Қарағандыдан жедел қимылдайтын арнайы жасақ тобы келіп, қатысты. Олар ағашқы ойында әкімдік қызметкерімен кездесті. Бірінші таймда есеп 3-1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ал екінші кезеңде  қарағандылық команда тағы бір голмен алға шықты. Алайда, балқаштықтар  қатарынан 3 допты  қақпаға дәл тигізіп, есепті теңестірді.

СНХ:Серғазы Бақмағанбетова-Облыстық ІІД ЖҚАЖ командир орынбасары

 Өте жақсы тартысты ойын болды. 4:4 ұпайымен тең 27:30  түстік. Қазір тағы бір командамен ойнаймыз. Содан кейін белгілі болады.  Әрі қарай өтеміз, өтпейміз.

Қонақтар бұл турнирден құр қол қайтпады. Қарағандыға күміс жүлдемен оралды.Үшінші орын қаламыздағы әріптестері яғни жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлеріне бұйырды. Ал бас жүлдені  53/898 әскери бөлімінің қызметкерлері жеңіп алды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *