Балқаштық кикбоксшылар облыс чемпионатынан жүлдемен оралды

Балқаштық кикбоксшылар облыс чемпионатынан жүлдемен оралды. Қала намысын қорғауға барған 5 спортшының бесеуі де чемпион атанды. 15 жастағы Айбат Нұрланұлы 48 келіде бақ сынаған. Ол қарағандылық алғашқы қарсыласын 3:0 есебімен ұтып, финалда теміртаулықты нокаутқа жіберді.

Айбат Нұрланұлы-кикбокстан облыс чемпионы
«Бірінші қарсыласым қиын болды. Бірінші раундтта бір ұпайға ұтылып қалдым. Екінші, үшінші раундтта қолмен, аяқпен көбірек жұмыс жасап ұпай алдым».

51 келіде өнер көрсеткен Сұлтан Қарбеков пен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрәділ Алпыспаев та қарсыластарынан айласын асырып алтыннан алқа тақты. Ал ересектер тобында бақтарын сынаған Жомарт Үсен мен Кемелхан Нұрисламхан Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Екеуі де финалдық кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ал Республикалық жарыс Қостанайда 20-24 ақпан аралығында өтеді. Қазір спортшылар тынымсыз дайындалуда.

Біздің Telegram — парақшамызға  жазылыңыздар!

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *