Балқаштықтар қаланы дамытуға қатысты өз ойларын білдіре алады

Балқаш қаласының әкімдігі  ертең  «Азаматтық бастамалар» күнін өткізеді. Қала тұрғындары сағат 11 ден бастап 16:00-ге дейін қалалық мұражайға келіп, шаһарды көркейтуге, дамытуға қатысты өз пікірлерін, ойларын айтып, жаңа идеяларымен бөлісе алады. Ал жауапты мамандар әр балқаштықты тыңдап, тың жобаларды  таңдап алады. Бұл шара «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы аясында  ұйымдастырылуда.

Ақжол Маңғолхан-Ішкі саясат бөлімінің бас маманы

«Егер сіз Балқаш қаламыздың көркейтуге өздерңіздің идеяларыңыз, ұсыныстарыңыз болса белсене келіп қатысыңыздар. Біз барлық иедяларды өзімізге жазып, республикалық, аудандық рухани жаңғыру кеңселеріне жібереміз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать