Балқашта жапырақ жеміргіштерге қарсы күрес жүргізілуде

Биыл  балқашта    жапырақ  жегіш  құрттардың  саны  аз. Дей  тұрғанмен,  олардың көздерін  түбегейлі жою үшін залалсыздандыру  шаралары әліде  жалғасуда. Жоспарға  сәйкес  бүгін мамандар орталық саябақтағы    зиянкестерге дәрі   септі.

Орталық саябақтағы  химиялық шара  екінші  рет  жүргізілуде.Мұнда өткен  айда  тек жартысына арнайы сұйықтық   себілсе,  енді    бүгін 13 гектар  жері  залалсыздандырылмақ. Ол  үшін  жасыл желекті  талғамай  жейтіндерге  қарсы «ДИМИЛИН» дәрісі  қолданылуда.

Алтыбай Сағындықов – «Зеленстрой»ЖШС  бригадирі

« Шашатындарымыз  ДИМИЛИН.  Бір  бөшкеге сиятыны  250 литр.0122 Парктің   ішін  шашып өтуге  5-6 сағаттай  уақыт кетеді. 1  бөшке  1 сағатқа  кетсе,  сонда 6  бөшке  кетеді  6 сағатқа».

Биыл  қаладағы  жапырақтарды жаппай жейтіндерді улау  шаралары   бір  айға кешігіп  басталды.  Өйткені, мамандар  жаздың  нағыз аптап  ыстығы    мен  температураның  көтерілуін  күткен.

Азат Ахмолдаев – Өсімдіктерді қолдау жөніндегі мемлекеттік инспектор

 « Биыл өсімдік   зиянкестері  зиян тигізудің  экономикалық шегінен асып тым көбеймеген.Бұған  өткен  жылғы,  биылғы өңдеулер  себеп.Және биылғы  ауа  райының жағдайы  себеп.».

Бүгінгі  күні  қалалық жағалау мен мектеп,балабақша маңындағы   ағаш-талдар  толығымен  өңделіп  бітті.  Енді  мамандар   орталық саябақтан  кейін,   үйдің  аулаларына   улы  дәріні  сеуіп шығады.Ал егер  сіз  жеке меншік  жеріңізді   құрттардан  тазартқыңыз  келсе,  «Зеленстрой»  мекемесіне  өтініш берсеңіз болады. Онда  бір талды  залалсыздандыру 130 теңге  тұрады.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *