Балқашта үздік композиторды анықтайды

Балқашта   үздік   композиторды  анықтайды. Бүгіннен бастап осы  өнер саласының  мамандары  үшін   қалалық  байқау  жарияланды.  Оған кез-келген тұрғын  қатысып,   өнерін  көрсете  алады. Бірақ, ол үшін  сайыстың басты  талабын  орындау қажет.  Яғни,  композиторлар  туындыларын Астана қаласының  20 жылдығына  арнауы  тиіс. Және  шумақ жолдарында  Рухани  жаңғыру,  Қазақстан  тақырыптары    енуі  керек. Осы  шартты орындағандар  өтініштерін  8  маусымға дейін қалалық мәдени-сауық  орталығына  өткізсе  болады. Ал  негізгі  байқау  16 маусым  күні  мәдениет  сарайында өтеді. Толық  ақпаратты   4-90-66, 4-47-45нөмірінен біле аласыздар.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать