Балқашта заңсыз дүңгіршектер алынып тасталуда

Балқашта заңсыз, қала келбетіне сай емес дүңгіршектер алынып тасталуда. Бүгінгі күні Уәлиханов көшесінің бойындағы екі сауда нүктесінің көзі жойылды. Өйткені, бірінің тиісті құжаты болмай шықса, екіншісінің сырты лас,кір. Қала көркін кетіріп тұр деген қағидамен алынып тасталды. Шаһарды заңсыз нысандардан тазарту жұмыстары аясында қазіргі күні 10 дүңгіршектің иесіне ескерту қағазы таратылды. Егер олар екі күннің ішінде құжаттарын реттеп, сыртын сырламаса сүрілетін болады. Оған қоса, дүңгіршекті қасында тұрған ғимаратқа сай бояу қажет. Яғни, өзара архитектуралық сәйкестік болуы тиіс.Айта кетейік, заңсыз дүңгіршектерге қарсы тексеріс жұмыстары аптаның соңына дейін жүргізіледі. Тіл алмаған кәсіпкерлердің сауда нүктелері жойылып не болмаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Толық ақпаратты жер қатынастары ,сәулет және қала құрылысы бөлімінен біле аласыздар.

Саламат Садвақасов – қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші орынбасары.:«Жер қатынастары заңнамасына сәйкес қазіргі таңда қалада жұмыстар жүргізілуде. Жазғы маусым бойынша шығарылған дүңгіршектер, сауда палаткаларды  тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол кісілерге ескерту қағаздары тапсырылуда».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *