Балқашта республикалық «Парыз 2018» байқауына өтініштерді қабылдау басталды

Балқашта   республикалық  «Парыз 2018»  байқауына  өтініштерді  қабылдау  басталды.  Кәсіпкерлердің  әлеуметтік   жауапкершілігін  сынайтын  бәйгеге кез-келген бизнес  өкілдері  қатысып, жүлделі  орындарға ие бола  алады.Ал қатысушыларға қойылатын  талап-кәсіпкер  халықты  жұмыспен қамтып отыруы  керек. Осындай  негізгі  ережеге  сай келетіндер   өтінімдерін  өткізуге  болады. Осымен 10 жыл өткізілетін  ұлттық  байқау  екі  кезеңде өтеді.Қалалық  деңгейден  өткендер,  республикалықта  үздіктермен  бақ сынайды.Лауреаттар  «Үздік  әлеуметтік  жауапты кәсіпорын», «Еңбекті  қорғау  саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік  ұжымдық  шарт», «Экологияға  қосқан  үлесі үшін» аталымдардан  оза шапқандар  жыл  соңында  салтанатты түрде марапатталады.Сайыс  жайлы  толық ақпаратты www. enbek.gov.kz сайтынан біле  аласыздар. Ал Балқашта өтініштер  1 тамызға дейін  жұмыспен  қамту және  әлеуметтік  бөлімінде  қабылданады. Толық ақпаратты  4-24-00 нөмірі  арқылы біле аласыздар.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать