Балқашта мотоцикл жүргізушісі көлік апатына ұшырап, ауруханаға түсті

Балқашта мотоцикл жүргізушісі мен қасындағы жолаушысы көлік апатына ұшырап, ауруханаға түсті. Оқиға бүгін түскі  лердің шамасында Желтоқсан көшесінде нан комбинатының жанында болды. Артына әйелді отырғызып алған мотоцикл жүргізушісі алдындағы фольксвагене соғылған. Содан рөлді басқара алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп Әлімжановтан Желтоқсанға бұрылып өз бағытымен келе жатқан тайотаға барып соғылады. Содан мотоцикл құлап, жігіттің аяғы сынған. Бас миы шайқалған. Қасындағы әйел түрлі дене жарақатын алыпты. Қазір екеуіде травматология бөлімінде. Ал тайота мен фольксваген жүргізушісіне еш зақым келмеген.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *