Балқашта «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау басталды

Балқашта «Мерейлі отбасы» ұлттық  байқауына  құжаттар қабылдау басталды. Жарасымды   жанұя  өтініштерін 30 сәуірге  дейін  ішкі саясат  бөліміне өткізсе болады. Қатысушыларға қойылатын талап ұлттық тәрбиені  ұлықтайтын   үлгілі  әулет болуы   қажет. Оған  қоса, еңбекте, спортта  жетістіктерге  жеткен,  шығармашыл  болуы  абзал. Әділ қазылар  алқасы   отбасының  дәстүріне, рухани-адамгершілік   құндылықтарына, өзіндік  түп-тамырын  білуіне, өмір сүру салтына   қарап  үздік жанұяны анықтайды. А жеңімпаз республикалық байқауға жолдама алады. Айта кетейік,  «Мерейлі отбасының» қалалық  кезеңі Балқашта  мамыр айында  өтеді. Және  сәуірдің  соңына дейін    өтініштер  қабылданады.Толық  ақпаратты 4-50-33 нөмірі арқылы   біле аласыздар.

Ақжол Маңғолхан –  қалалық  ішкі саясат  бөлімінің  бас  маманы

« Мерейлі  отбасы байқауы үш кезеңнен  тұрады. Қалалық,  аудандық  және ұлттық. Мерейлі отбасына қатысушылардан өтініштер 30 сәуірге  дейін   ішкі   саясат бөлімінің  113 қабылданады.»

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *