Балқашта мұғалімдер форумы өтті

Бүгін дүниежүзілік тарихшылар күні. Бұл мерекеде балқаштық ұстаздар форумда бас қосты. № 8 мектепте тарих пәні мұғалімдері, қазақ тілі және әдебиет ұстаздары және кітапханшылар жиналды. Кездесу Рухани жаңғыру бағдарамасының аясында өтті. Басты мақсат- тәжірибе алмасу. Соңғы кезде білім беру процесінде қандай тың тәсілдер қолданылып жүр, қандай амал баланың оқуға деген қызығушылығын арттырады. Ұстаздар қауымы міне осы сауалдарды талқылап, көрмеге қойылған көрнекті құралдармен танысты. Шара соңында отбасылық дәстүр, бала тәрбиесі секілді мәселелер сөз болды.

Гүлбахрам Мейірбекова – білім бөлімінің әдіскері
«Форум алдыға қойған мақсаты осы туған жер бағдарламасының аясында өткен барлық ашық сабақтарды, семинарларды, сонымен бірге тарихшылардың шығаршамылық есебін тыңдай отыра қазіргі кездесі ең өркениетті елдің біліміндегі сандық ресурстарды тарих пәнінде қалай қолданып келе жатырмыз. Осының бәрін насихаттау мақсатында».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать