Балқашта ертегі кейіпкерлері тұрғындарға «шоколад» таратты

Шын жүректен, ыстық ықыласпен. Бүгін Балқашта ертегі кейіпкерлері тұрғындарға шоколад таратты. Микки маус, панда, миньон, қоян және Маша орталық көшеге шығып, қала халқын көктемнің алғашқы күнімен құттықтады. Тілектерін жеткізіп, алғыс айту күніне орай сыртында «рахмет» сөзі жазылған тәтті үлестірді. Тұрғындар болса мұндай тосын сыйға мәз. Ертегі кейіпкерлерімен фотоға түсу мүмкіндігінде құр жібермеді. Ал Микки маус, панда, миньон, қоян және Маша бұл күні 100 шоколад таратып шықты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать