Балқашта биыл 330 оқушы мектеп бітіреді

Биылғы оқу жылының аяқталуына 2 күн уақыт қалды. Одан кейін 11сынып оқушыларының болашағын айқындығын сынақтар күтіп тұр. Биыл қала бойынша мектеп түлектерінің саны 329. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 65 балаға көп. Солардың ішінен 10 оқушы «Алтын белгі» атағына үміткер болса, 4-уі үздік аттестат иегері атанбақ. Ал биыл ҰБТ тапсыруға 283 бала өтініш білдіріп, 46-ысы бас тартты.Бірақта, оған дейін шаһардағы 18 мектептің түлектері 25 мамыр күні соңғы қоңырауға қатысады. 26-нан бастап емтихан сұрақтарына жауап беретін болады.

Айдос Қуанышбаев-Қалалық білім бөлімінің жетекші орынбасары:«ҰБТ қатысуға өтініштер 10 мамырда аяқталды. Бүгінгі күні ҰБТ базасымен жинақталып жатыр. Бүгінгі күні ҰБТ тапсыратын күні белгісіз. Түлектердің соңғы кеші , мерекелік кеші 15 маусым күні Желтоқсан көшесінде өтеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать