Балқашта бір күнде екі пәтерден өрт шықты

Балқашта  тұрмыстық техникалар  жанып кетті. Бір  күнде  екі пәтер көк түтінге  оранып,  тоңазытқыш  пен  теледидар істен  шықты. Соның  салдарынан   тұрғындар  далаға   шығарылып,  эвакуацияланды.

Сенбі күнгі  демалыс Шашубай  мөлтек  ауданының 8 «Б»үйінің тұрғындарын аяқтан тік тұрғызды. Онда таңғы  сағат  7-де үшінші  қабаттан   өрт  шықты.  Күллі  подъездге жайылған түтіннің салдарынан 20-ға жуық адам сыртқа шығарылды.

Жұматай  Бәжікеев-Шашубай мөлтек ауданы,№ 8 «Б» үйдің  тұрғыны

 «Подъезді  түгел  түтін алып кетті.Өрт 11 пәтерден  басталды. Абырой  болғанда  әйтеуір  аман қалдық. Жұрттың барлығы сыртқа  шықты. Бала-шағамызбен, киінгені бар, киінбегені бар».

Анықталғандай, тілсіз  жау тоңазытқыштан  болған. Ас үйде тұрған  техниканың сымдары тұйықталып,түтін шыға бастаған. Ал оны  үйдегілер  сезбеген.  Өздері  жатын бөлменің есігін  жауып алып , тәтті  ұйқыда  жатқан. Бірақ,  көк түтінді сезген тұрғындар   бірден мамандарға   қоңырау шалған.  Содан  оқиға  орнына  келген өрт  сөндірушілер пәтер ішіндегі үш адамды  терезе  арқылы  алып шықты.

Олег Грабовский – ТЖБ«мемлекеттік өртті бақылау» бөлімінің басшысы

«Өртті   сөндіруге  жиналған  ақпараттың  аздығы  септігін  тигізді.  Өйткені, көршілер  бұл  үйде  ешкім  тұрамайды  деген. Алайда, кейін  ішінде  адамдар  бар екені  анықталды.Оларды  сыртқа  алып  шықтық. Медициналық  көмекті  қажет етпеді».

Кейін  арада бір-екі  сағат өткеннен соң  осыған  ұқсас тағы бір өрт  Әлімжанов  көшесінде тіркелді. Бұл  жолы  тілсіз   жау  теледидардың  сымынан басталды.

Олег Грабовский – ТЖБ«мемлекеттік өртті бақылау» бөлімінің басшысы   

«Бірінші  өрт  секілді  мұнда да  пластиктің   жануынан  түтін қатты болды. Оған  қоса,  пәтердің төбесіне салынған   пластикалы  заттан  түтін өрши  түсті».

Бір  күнде  екі пәтерде  болған  өртке   3 техника мен 9  өрт  сөндіруші  жұмылдырылды.  Әрбір баспанаға 30 минуттан  уақыт кетті.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *