Балқашта жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды

Балқашта орталық ауруханада жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды. Балаға туғанда оның ішкі органдарының орны ауысқаны анықталған. Операцияны қарағандылық хирургтар жасады. Ал бала күтімімен балқаштық дәрігерлер айналысқан.

Кішкентай Томирис осыдан үш күн бұрын жан сақтау бөлімінен палатаға ауысқан. Қазір анасының жанында. Бала туылған соң 18 сағат өткеннен кейін оған күрделі операция жасалды. Ота сәтті өтіп, бүлдіршін 2апта дәрігерлердің қарауында жан сақ сақтау бөліміне жатты.

Жадыра Амираева – Томиристің анасы

« 24 тамыз күні толғағым келіп, роддомға түстім. Сол күні узиге түсірді. Сол кезде ғана білдім. Ол кезге дейін білген жоқпын.  Реанимацияға 3 сағатта бір рет кіріп тұрдым. Врачтарға рахмет. Алғысым шексіз.

Томирис тумай тұрып оның құрсақ қуысы кеудесіне қарай ығысып, оң жақ өкпесі қысылып қалған. Ал жүрегі оң жаққа қарай орын ауыстырған. Бүлдіршінге операция жасау үшін Қарағанды облыстық балалар клиникасынан хирургтар келді. Дәрігерлер бір сағаттың ішінде баланың ішкі органдарын өз орнына түсірді.

Рауан Жанғабылова –  неонатолог дәрігер

«Қарағандыдан дәрігерлер бала туылған бетте шақырылды. Балалар хирургы мен анестезиолог, реаниматолог келді. 1.5 сағаттың ішіне ота жасалды балаға. Содан бері бала өте ауыр жағдайда болды. 18 күн жасанды апаратта болды. Қазіргі жағдайы қалыпты.

Балқашта жаңа туған балаға күрделі операция осыдан 6 жыл бұрын жасалған. Ол кезде сәбидің асқазаны жарылған.  Деседе ота сәтті өтіп, дәрігерлер нәрестенің өмірін сақтап қалған. Ал біздің бүгінгі кішкентай кейіпкеріміз келесі аптада үйіне шығады. Ал 1 айдан кейін қарағандыға барып,  хирургтардың тексерісінен өтеді.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *