Балқашта 9 гараж, бір ғимарат өртке оранды

Балқашта демалыс күні бір күнде бірнеше өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалыннан Қоңырат мөлтек ауданында бір ғимарат өртеніп, қалада 9 гараждың күл-талқаны шықты.Салдарынан 2 ит тірідей жанып кетті.

Демалыс күнгі дабыл қоңыраулар кешкі сағат 16:00-ден басталды. Өрт сөндірушілер ең бірінші Макаренко тұйық көшесіндегі шақыртуға барды. Онда қаз-қатарынан тұрған 9 гараж өртке оранып, барлығы әпсәтте жанып кетті. Қаңыраған қабырғалар ғана қалып, 4 күшік құтқарылды. Алайда, тағы да екі ит жалыннан ажал құшты.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Біз оқиға орнына келгенде 9гараж өртке тұтанып жанып жатты. Оның өрши түсуіне желдің қаттылығы да әсер етті. Жалпы тілсіз жау 80шаршы метр аумақты құрады».

Өрт сөндірушілердің бір тобы қаланың ішінде жүргенде, екіншісі Қоңырат мөлтек ауданындағы тілсіз жаумен күресті. Онда аумағы 200 шаршы метрді құрайтын екі қабатты нысан өртке оранды. Абырой болғанда, ғимарат қараусыз болғандықтан ешкім зардап шекпеді.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Бұл өрт оқиғаларына қаладығ 5 өрт сөндіруші мекемелердің барлығы жұмылдырылды. 9 арнайы техникамен оқиға орнына шықты. Түгелі төтенше жағдайға сай екендіктерін көрсете білді».

Сонымен қатар, демалыс күні өрт сөндіруші мамандар Бектау-атаға да барды. Табиғат ошағында құрғақ шөп 300 шаршы метрге дейін жанып кетті. Қазір оған кім кінәлі екендігін анықтау үшін құжаттар полицияға жіберілді.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *